jasqazaq.kz

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында жағалаудан 300 тоннаға жуық қоқыс жиналды

27 қыркүйек 2025, 18:24

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың мамандары «Мөлдір бұлақ» атты кең көлемді экологиялық бастаманы қолға алды. Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүзеге асып отыр. Оның мақсаты — бұлақтар, өзендер мен су қоймаларының жағасын тазалап, абаттандыру, сондай-ақ тұрғындар арасында су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Еліміз бойынша жағалау аумақтарын тазалау жұмыстарына 4000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында министрліктің қызметкерлері, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының барлық филиалы мен өндірістік учаскесі, 8 бассейн инспекциясының мамандары қатысты. Сонымен бірге 3 гидрогеология-мелиорация қызметінің өкілдері және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары да сенбілікке қатысты.

Астана қаласында акцияға министрліктің орталық аппараты, Су шаруашылығы комитеті, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы және «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің 310 қызметкері қатысты.

Ауқымды сенбіліктің қорытындысы бойынша еліміздегі жағалау аумақтарынан 300 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

🗣«Таза Қазақстан» акциясы аясында министрлік ұйымдастырған республикалық сенбілік еліміздің су нысандарын ластанудан қорғауға ғана бағытталмаған. Сонымен қатар бұл шара қоғамда табиғи су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға арналған. Мұндай ауқымдағы жағалауды тазалау жұмысы елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта мұндай сенбіліктерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ел мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізген болатын. Оған шамамен 2 млн оқушы қатысты.

JQ-Aqparat

Сурет: су және ирригация министрлігі

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат