jasqazaq.kz

Мөлдір Әуелбекованың жаңа бейнебаяны желіні шулатты (видео)

25 қазан 2017, 11:40

Саны аз болса да, сапасы бар! Өнердегі әріптестерімен салыстырғанда сирек ән жазып, сирек клип түсіретін Мөлдір Әуелбекованың ұстанымы осындай. Есесіне Әуелбекованың әр туындысы тыңдарман көңілінен шығады деуге толық негіз бар. Мәселен, Мөлдір мен Ержігіт Асанхан атты жас әншінің “Лүпіл” атты соңғы бейнебаяны қалың көрерменді тәнті етті.   Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мақпал Жүнісова айтқандай, есті тыңдарман қашан да өзіне қажетті әнді табады. Мөлдірдің жас әншімен бірге таспалаған бейнебаяны YouTube-те танымал музыкалық арнаның парақшасына жүктелген жоқ. Соған қарамастан, әпкесі мен інісінің диалогын тамашалағандар саны аз уақыттың ішінде 20 мыңнан асып жығылған.

“Қандай керемет, сценарийі күшті”, “Керемет ән, Мөлдірдің даусы сондай тамаша”, “Күшті шыққан клип деп осыны айтуға болады”, “Сөзсіз хит”, “Керемет! Өте көңілді əпке мен інінің арасындағы сырласу əні болды!Жарайсыңдар! Мөлдір жаңа қырыңнан,ерекше стильдегі даусыңмен көріндің! Жас дарынды осындай жігітті қолдап шыққан саған рахмет! Тек алға”, – деп жылы лебізін білдірді Мөлдірдің тыңдармандары.

Бүгін, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
Бүгін, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік