jasqazaq.kz

Минскіде өткен сауда-экономикалық миссия қорытындысы бойынша 5 миллион долларлық келісімшарт жасалды

21 қараша 2025, 16:31


Минскіде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы аясында Ұлттық майлы дақылдар өңдеушілер қауымдастығы мен Беларусь елінің «Дары полей плюс» компаниясы  арасында 5 миллион доллар сомасындағы келісімшартқа қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан өндірушілерінің өнімдерін сатып алуды көздейді және екі елдің бизнес өкілдері арасындағы келіссөздердің негізгі нәтижесі болды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Беларусь тараптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірнеше маңызды құжатқа қол қойды. QazTrade пен Беларусь Ұлттық әмбебап тауар биржасы арасындағы ынтымақтастық меморандумы тәжірибе алмасуға, казахстандық компаниялардың биржалық саудаға қатысуына, электрондық алаңдарды дамытуға және бірлескен іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Беларусь биржасы өңірдегі ең ірі спот алаңы болып саналады, онда жыл сайын 500 мыңнан астам операция жүзеге асырылып, жалпы сомасы 4 миллиард доллардан асады.

Тағы бір маңызды құжат – QazTrade пен Беларусь Ұлттық маркетинг орталығы арасындағы меморандум. Онда аналитикалық мәліметтермен алмасу, өнімдерді ілгерілетуге қолдау көрсету, серіктестерді іздеу, бизнес-миссиялар мен оқу бағдарламаларын ұйымдастыру көзделген. Бұл келісімдер казахстандық өндірушілердің Беларусь нарығына шығуын жеңілдетіп, компаниялар арасындағы кооперацияны жүйелі етеді.

QazTrade Бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров миссияның нәтижелері сауданы дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті:
«Қазақстан мен Беларусь кооперацияда үлкен әлеуетке ие. Тараптар жеткізілімдерді кеңейтуге, жаңа нарықтарды игеруге және бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға мүдделі», – деді ол.

Келіссөздің жеке бөлігі өнеркәсіптік кооперацияға арналды. Қазіргі уақытта 11 бірлескен жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде тракторлар, ауыл шаруашылығы техникасы, автотехника және лифттер шығарылады. Минскіде тараптар жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Карьерлік самосвалдарды жинау, құрылыс саласында кооперацияны дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кешенінде тауарлық-сүттік фермаларды құру жоспарлары қаралды.

Екі елдің бизнес қауымдастығы қосымша келісімдерге қол жеткізді. «АстанаИнжКомСтрой» компаниясы «Изоком Пласт» компаниясымен Қазақстанда армирленген құбырларды шығару және өнім жеткізу бойынша меморандумға қол қойды. ТОО ARBA WINE «Бульбашь» зауытымен казахстандық шарап жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде, экспорттық келісімшартқа дайындық жүріп жатыр. Ұлттық майлы дақылдар өңдеушілер қауымдастығы 5 миллион долларлық келісімнен басқа, «ПраймФортГрупп» ЖШС-пен ынтымақтастық меморандумына да қол қойды.

JQ-Aqparat

Сурет: Сауда және интеграция министрлігі

Бүгін, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)