jasqazaq.kz

Министр оқушының анасына жауап берді (видео)

18 қантар 2017, 21:07

Алматылық ата-ананың интернет арқылы жасаған бейнеүндеуіне Білім және ғылым министрінің өзі бүгін жауап берді. Ерлан Сағадиев, 1 сынып оқушыларының көтеретін жүгі нормадан 2-3 есе көп деген мәселеге қатысты қабылданатын шешімдерін таныстырды. Қазір тиісті мамандар зерттеулер жүргізіп жатыр екен.

31.kz хабарлағандай, оның шешімі бар. Мысалы оқулықтарды 2 бөлімге бөлу. 1 жартыжылдық, сосын 2 жартыжылдық. 1 сыныпта ол жұмыс жасалған. Енді жаңа жылда 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныпқа сол жұмыстарын қарастырып жатырмыз.

Министр, бұлай болған жағдайда бағасы өсуі мүмкін екенін жасырмады. Алайда, баспа орындарымен бағаны қатты қымбаттатпау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Әйтеуір, реттеуге барын салмақ. Ал, Салтанат Тәжиеваның видеоүндеуіндегі тағы бір мәселе — 1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардағы тапсырмалардың күрделілігі болған еді. Сағадиев мырза, бір балаға қиын болған сұрақ, екіншісіне мүлдем оңай болуы мүмкін, ешқашан бәріне ұнайтын нәрсе болмайды деп жауап берді. Дегенмен, үндеуде шынымен ойлануды талап ететін дүниелер айтылған болатын.

— Жаратылыстану пәні, 1 сыныптың оқулығы. Биыл өтіп жатырмыз. Әлі әріп танымаған бала, жаңадан мектеп табалдырығын ашқан бала, 1 қыркүйектен бастап балаға қойылатын талап, яғни сұрақ: Егер үлкен жүк мәшинесі мен жеңіл мәшинені бір мезетте жоғарыдан төмен қарай жіберсе екеуінің қайсысы ұзағырақ жүреді? Бұл — физикалық заңдылық! Бұған бала қалай жауап беруі керек?

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады