Министр Марат Қарабаев көлікке мініп жолдарды тексереді

08 қыркүйек 2023, 12:31


Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру үшін автомобильмен 4 өңірді аралап шықпақ. Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан мәлімдеді.

«Бүгін ведомство басшысы Алматы облысына келді. Ең алдымен, Шамалған станциясының айналма жолының құрылысын және «Сарыөзек – Көктал» (45-68 км) автожолында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексереді. Сондай-ақ министр «Қорғас» құрғақ портының жұмысымен танысып, «Алматы – Қорғас» автожолының сапасын бағамдап қайтуды жоспарлап отыр», — деп жазды ол.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, министрлік басшысы Марат Қарабаев демалыс күндерін пайдаланып, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына да барады. Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтіп, министр аталған өңірлердегі жол құрылыстарын, көлік объектілерін қайта жаңарту жұмыстарын, көлік қозғалысына арналған көпірлердің жай-күйін тексереді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді