Миллион теңгеден аса айыппұлын төлемеген жүргізуші құрықталды (Видео)

13 қазан 2023, 17:08


Түркістан облысының полицейлері млн теңгеден астам айыппұлы бар такси жүргізушісін анықтады. Polisia.kz хабарлағандай, Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен айыппұл төлемеген Nissan Maxima автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Яғни жедел басқару орталығынан “Қорғау” бағдарламасы арқылы борышкердің автокөлігі бойынша хабарлама полиция планшетіне түсті. Осыдан соң полицейлер көлікті Самара – Шымкент тас жолында тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізуші жеке тасымалдаумен айналысатыны анықталды, ал айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты арттырумен байланысты. Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, Nissan Maxima автокөлігінің иесі 1 280 000 теңгеден астам сомаға айыппұл төлемеген. Заң талаптарына сәйкес полиция көлікті айыптұраққа қойып, жүргізушіге айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді