Сәрсен Құранбек: Мешітке емес, мектепке барыңдар

14 ақпан, 16:28

Осы сөзді қала әкімінің орынбасары айтты. Дөп айтты. Сәрсен Құранбек. Қазақтың аяулы перзенттерінің бірі, құйрықты жұлдыздай ағып өткен Бейсен Құранбектің туған бауыры.

Шымкентте «Жастар ресурстық орталығында» Шымкент қаласы әкімдігі, ардагерлер кеңесі мен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастырған «Жастар — ізгі қоғам айнасы» атты рухани-танымдық форум өткен.

Форумға қаладағы жоғары оқу орындары мен озат оқушылардан 500-ге тарта жастар қатысты. Оқу орындарының тәрбие жөніндегі орынбасарларынан бөлек, жүзге тарта дін қызметкерлері қатысты.

Алдымен бейнеролик көрсетілген. Өзегі — деструктивті дін өкілдері, дін атын жамылған содырлардың әрекеті, олардың жастар санасын қалай улап жатқандығы.

Қазақ өзін «әлімсақтан мұсылманмын» дейді. Мұсылманға тән көркем міңезді, бейбітшілігімен, ынтымақтастығымен, үлкенге ізет, кішіге құрметімен, қайырымдылығымен қазақты сыртқы жұрт осылай таниды.

Алайда, «әп-әдемі ән еді, пұшық шіркін бүлдірді» дегендей, ислам әлеміндегі кейбір «ұстаздар» әрқилы уағыздар айтып, әлі бұғанасы бекімеген, оң солын әлі танып үлгермеген жастарды бұзып жатқандығы да өтірік емес. Соның салдары Сириядағы қырғынға «жиһад» деп барып қырылып қалған қазақ жастары.

Жұма күні мешіт жамағатқа толып қалады. Арасында бастауыш сынып оқушылары да көп. Имамды ұйып тыңдайды. Имам жақсы әңгімесінің қисынында бұл дүние жалған, анау дүние бақи, сондықтан, Аллаға жағам десең, қазірден амал қыл. Бес уақыт намазыңды қаза қылма. Дүниенің қызығынан тиыл дейді.

Ересектерге дұрыс-ақ. Ал, жастар ше?! Кім сабақ оқиды? Кім жоғары оқу орнына барады? Кім білім алады, кім ғылым қуып, еліне пайда әкеледі?

Академик Асқар Жұмаділдаевтың шырылдайтындай бар. Ислам әлемінен Нобель сыйлығының лауреаты неге жоқ. Біз зайырлы мемлекетпіз, біздің жастар технократ болу керек. Имамдар арғы дүниені ойла дей бермей жастарды білім алуға, ғылыммен шұғылдануға шақырсын. Дейді.

Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаевтың модераторлығымен өткен форумда Сәрсен Абайұлы жастарға осы жайттарды алаш қайраткерінің әрекетімен дәйектеп берді.

Қазақстан — байтақ ел. Сырттан келген дұшпан жиырма млн халқыңды отарлауға келмейді. Жер үсті, астындағы қисапсыз байлығыңды үптеу, өзіне сіңіру үшін келеді. Идеология — қарусыз майдан. Сырттан қаржыландыратын радикалды күштер, деструктивті ағымдар сананы отарлау үшін дін арқылы шабуыл жасайды. Пәленше сахаба айтты деп ойдан құрастырып ұлтты іштей ірітетін хадистер тауып алады.

Бұған ең елігетіні кім? Әрине, оң-солын әлі танып үлгермеген жастар. Олардың санасы уланғаны соншалық, «намаз оқымайсың, тамағымды ішпеймін, харам» деп туған әке-шешесіне қарсы шығады. Санасы отарланған жастарды бері қайтару өте қиын.
Оларға тоқтам билік тарапынан айтылу керек еді. Форумда көп баяндама жасалды. Жастар сөйледі. Олардың бәрін айтсақ, ұзап кетеміз. Сәрсен Құранбекке көбірек акцент бергеніміз, біріншіден билік өкілі. Екіншіден, Алаш рухты қайраткер. Ұлтын сүйеді, сол жолға адал қызмет етеді.

«Қазақстанда мешіттің саны үш мыңнан асты. Шымкенттің өзінде жүзге тарта бар. Құрметті имамдар, сіздерден өтінемін. Әлі буыны қатпаған жас баланы мешітке шақырмаңыздаршы. Мектебіне барсын. Сабағын жақсы оқысын. Ғылым қусын. Отанның өркендеуіне білімімен қызмет етсін. Сонда ғана біз шын мәнінде зайырлы, құқықты ел боламыз».

Бұл рас. Мектеп басшылығы жиі көтеріп жүрген мемлекеттік мәселе. Көп оқушылар ораза ұстайды екен. Сабақ кезінде әлсіреп, оқуға құлқы болмай қалжырап отырады. Жұма күндері сабақтан қашып намазға барады.

Әр нәрсенің өз уақыты бар. Иманы кәміл бала мешітке ересек кезінде келсе екен дейміз.

Әлем күнге мың құбылып тұр. Оқу білімге жоқ, санасы дінмен уланған ел тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетеді. Оған мысал көп.

Форумда үндеу қабылданды. Құрғақ баяндамалармен емес еркін форматта өткен жүздесу өз мақсатына жетті деп ойлаймыз. Жастар ғибрат алып қайтты. Форум тақырыбы «Жастар — ізгі қоғам айнасы» деп дұрыс таңдалыпты. Өйткені, келешегіміз осы жастарда. Олар мықты болса, Отанымыздың келешегі кемел, нағыз қуатты ел болады.

Бақтияр Тайжан
(Fasebook парақшасынан)

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды