jasqazaq.kz

Мердігерді тәртіпке шақырады

08 қантар 2017, 17:13

Ақтөбе облысында мердігер компаниялар тиісті техникалар санының жетіспеушілігіне қарамастан жолдарды жөндеу бойынша жұмыс көлемін бірден бірнеше аудандардан алып қояды. Бұл туралы қыс маусымындағы төтенше жағдайдың алдын-алу мәселелері бойынша жиында облыстық ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықов хабарлады.

tilshi.kz хабарлағандай, шараға облыс басшысы Бердібек Сапарбаев та қатысты. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасымен ТЖД республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар көлік жолдарының жағдайын тексеруде. Бүгінде облыстың 5 ауданы тексеріліп, бірқатар кемшіліктер анықталды.
Осыған байланысты облыс әкімі автокөлік жолдарының қысқы жағдайы бойынша жұмыстарға тартылған арнайы техниканы орналастыру реттері мен барлық мердігер мекемелердің кезекшілік тәртібін анықтай отыра тексеріс жүргізуге, сонымен қатар инерттік материалдарды тайғақ және қар құрсауында қалатын жерлерге жеткізу жұмыстарын бақылауды тапсырды.
— Техника аудандарға жетуі тиіс. Біз қай кезде де ауа райының өзгеріп отыруына дайын болып, жедел қимылдауымыз қажет. Барлық жолдардың таза болғаны жөн. Халық көлік қатынасынан қам жемеуі тиіс. Барлық аудандардағы мердігерлердің жұмысын, қолда бар техникаларды тексеріп, инертті материалдардың уақытында жеткізілуін қадағалау керек, — деді Бердібек Сапарбаев.
Айта кетейік, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда облыста төтенше жағдайлар саны 14%, зардап шеккендер саны 45 %, қайтыс болғандар саны 35 % төмендеді. Осы кезең аралығында ТЖД күшінің көмегімен 1200-ден астам адам құтқарылып, төтенше жағдай аумағынан 10 мыңнан астам адам шығарылды.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті