«Сындырсам, менің қатыным»: Қызылорда облысында ер адам әйелінің қабырғасын сындырды (Видео)

26 наурыз, 10:14

Қызылорда облысында Тасбөгет кентінде ер адам ауруханада жұмыс істейтін жұбайын қызғаныштан мекеме ішінде ұрып-соққан. Қызылорда қаласының Тасбөгет ауданында полиция өкілдерінен сұхбат алуға келген журналист Жазира Бегалы осы оқиғаға куә болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Журналистің айтуынша, келіншек дәрігерден күйеуінің порталы жайлы сұраймын деп таяқ жедім дейді. Ерінің соққысынан екі қабырғасы шытынап кеткенін айғақтайтын анықтамасы бар. Күйеуі төмпештеп ұрып жатқанда үндемеген дәрігерді іздегім келген. Портал жайлы сұрады деп дәрігер күйеуін жұмыс орнынан шақырып, ақыры әйел дене жарақатын алған.

Жәбірленушінің есімі Сәуле Әкімова. Ауруханада тазалықшы болып еңбек етеді. Күйеуінің айтуынша, дәрігер жұбайына шағым айтып, ұрыс-жанжал тұтанып, нәтижесінде келіншек таяқ жеді. Жәбірленушінің айтуынша жұбайы қызғанып, жиі ұрып, соғады .
Күйеуі “менің қатыным ғой, сындырсам” деді. Тіпті “ сотқа беремін, отбасымның шаруасы” деп полицияның көзінше бізге айбат көрсетті. Қорғансыз Сәуленің тағдыры не болмақ? Күйеуі өте агрессивті адам. Жұбайының қабырғасын сындырғанын көшеде жатқан қураған ағашты сындырғандай шіреніп айтып отыр. Үйдегі екі бала қалай өмір сүріп жатыр?,  — деді журналист.

Қызылорда облысының полиция департаменті денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Ал жәбірленуші екі баласымен дағдарыс орталығына орналастырылды.

Оларға жан-жақты психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Отбасын қорғау мақсатында күдіктіге (3 топтағы мүгедекке) қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды», – деп хабарлады полиция.

Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Абдулла (@abdulla_kzkz)

05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?