Мемлекеттік мекемені “майшелпек” қылғандар

11 тамыз 2023, 12:22

«ПИК» қызметін автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз етуде алдау жолымен ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеп-тексеруді облыстық ҰҚКД мен ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізді. Тексеру нәтижесінде үш бірдей ЖШС «Талдықорған қаласының ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 162 млн теңге сомасына «ПИК» қызметін автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз ету қызметін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан.
Бағдарлама басқару органдарының (ПИК) қызметін автоматтандыруға, басқарушы компаниялардың қызметін және қаланың тұрғын үй қорының жай-күйін бақылау бойынша әкімдіктің міндеттерін шешуге, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарына қатысушылардың өзара іс-қимылына арналған.

Алайда, олар жұмыс істемейтін бағдарламалық өнімді жеткізген, осылайша коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген 162 млн теңге залал сомасы толық өтелді.
Сот үкімімен үш ЖШС басшысы кінәлі деп танылды, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру мен орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жаза тағайындалды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады