jasqazaq.kz

Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы Бауыржан Момышұлының өнегесімен тәрбиеленеді

24 желтоқсан 2025, 16:16

Астанағы «ЕХРО» ХКО AlemAI күмбезі астында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі мен рәсімдік бөлімшесінің даңқты қолбасшы, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған плац-концерті болды.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы қазақ халқының батыр ұлының есімін әрдайым есте ұстап, ардақтайды. Оның келбеті ҚР МКҚ жекелеген бағыттарының символикасына ерлік, батылдық пен Отанға адал қызмет етудің жарқын өнегесі ретінде негіз етіп алынған.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы Б.Момышұлының өнегесімен тәрбиеленеді, оның әскери іс туралы еңбектері, жауынгерлік тәжірибесі зерделенеді.

Плац-концертте Президенттік үрлемелі аспаптар оркестрі және жеке орындаушылары, «Абырой» тобы патриоттық әндер орындайды, ҚР МКҚ «Айбын» президенттік полкі рәсімдік бөлімшесінің, «Сардар» және «Көкжал» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қарумен көрсетілетін қойылымы болды.
Қойылым өзегі — жауынгерлердің даңқты қолбасшы, батыр Б.Момышұлы рухына арнауы деуге болады, ол Батыр бейнесінің өміршеңдігін, оның келбетінің әрбір Отан қорғаушы бойынан көрініс табатынын білдіреді. Бұл бірнеше буын жауынгерлердің үндестігі, еліміздің өткені мен бүгінінің үзілмес байланысы.
Плац-концертте танымал патриоттық әндер («Елім деп соқсын жүрегің» (Е.Сәрсенбеков и Б.Нұрмұханов), «Рух» (“Абырой” тобы), «Сауыт» (И.Ескендір) және т.б., сондай-ақ ҚР МКҚ Президенттік оркестрі солистерінің орындауында жаңа «Көк аспан» әні орындалды.

20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму