jasqazaq.kz

Мемлекеттік қызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілмейді

20 желтоқсан 2025, 16:09

 

Кеше өткен Сенат отырысының қорытындысы бойынша, бірқатар БАҚ мемлекеттік қызметшілерге енді бизнеспен айналысуға рұқсат етілді деген ақпаратты жариялады.
Осыған қатысты Парламент Сенатының баспасөз хатшысы Данияр Рамазановтың айтуынша бұл хабарлама шындыққа сәйкес келмейді.
Ол өзінің Facebook парақшасында: «Заңда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар қарастырылған.
Оларға, соның ішінде:
— мемлекеттік орган саналмайтын мемлекеттік мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы (оның ішінде мектептер, ауруханалар) басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар;
— «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері;
— автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жатады.
Бірақ тіпті олар үшін де, Заңмен кәсіпкерлік және басқа да ақылы жұмыстармен айналысуға тыйым салынатын жағдайлар бекітілген. Атап айтқанда, егер ол:
— жұмыс лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтірсе;
— қызметтік мүлікті пайдалануға әкеп соқса;
— мүдделер қақтығысын тудырса, онда олар онымен айналыса алмайды.
Осылайша, Заңда мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салуды алып тастау туралы ешқандай сөз жоқ. Демек, бұл шектеулер бұрынғыдай әрекет етуді жалғастыра береді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық және аймақтық даму институттарының, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарының басшыларына қатысты да әрі қарай қолданылатын болады.
Заңның атауы — «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді