Мемлекеттік қызметкерлер автокөлікті масаң күйде жүргізген

07 қараша 2023, 15:19


Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің автокөлікті масаң күйде жүргізгені анықталды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсаловтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, Казталов және Бәйтерек аудандары әкімдіктері, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, мемлекеттік кірістер, қазынашылық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілері автокөлік руліне масаң күйде отырған.
Департамент басшысының сөзіне қарағанда, сондай-ақ облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекцияларының қызметшілері қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшкені және қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сол секілді Теректі ауданы әкімі аппаратының қызметшісі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот органдарымен әкімшілік жазаға ілікті.
Департамент мәліметі бойынша облыста бақылау шаралары нәтижесінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзуға қатысты 1 690 дерек анықталды. Мемлекеттік органдар көбінесе мемлекеттік қызметшілердің іссапарға бару (590), еңбек демалысына шығу (269), бағалау жүргізу (249) және лауазымдық нұсқаулықтарын жасау және бекіту тәртібін (237) сақтамайды. Аталған жайт Ақжайық, Бәйтерек, Жәнібек, Тасқала, Теректі аудандары және Орал қаласы әкімдіктерінде, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде болған.
«Меритократия қағидатын және конкурс рәсімдерін заңнаманың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді талдау жүргізу тәжірибесі енгізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызметке түсу тәртібін және оның ашықтығын қатаң бақылауға алуға мүмкіндік берді. Осылайша, департамент қызметкерлері жыл басынан бері 18 конкурсқа байқаушы ретінде қатысып, заңнаманың 93 бұзушылығын анықтады. 26 лауазымды қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 конкурстық комиссия шешімдерінің күші жойылып, конкурстар қайта өткізілді», — деді М.Байсалов.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу