jasqazaq.kz

Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының туыстарына «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденін тапсырды

06 қантар, 20:29

Мемлекеттік кеңесші Президент атынан «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешімін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда Ұлы Отан соғысында ерлік пен батылдық көрсеткен Бауыржан Момышұлының туыстары Зейнеп Ахметова мен Ержан Момышұлына Президент атынан айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды.
– Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы шешімі халықтың оған деген ыстық ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік қалпына келтірілді, – деді Мемлекеттік кеңесші.
Сондай-ақ Ерлан Қарин қайсар рух пен өр мінездің символына айналған Бауыржан Момышұлының өмірі жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өтті.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.kz

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге