jasqazaq.kz

Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесі беріледі

12 қараша, 13:26

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осыған қатысты былай деді:
«Бүгін біз архив ісін дамытуға қатысты заң жобасын екінші оқылымда талқылап отырмыз. Осы уақыт ішінде бұл құжат жан-жақты пысықталып, маңызды жаңа нормалармен толықтырылды. Олар негізінен салада жылдар бойы қордаланған түйткілдерді шешуге, архив ісін заманға сай дамытуға және өскелең ұрпақты ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз контенттерден қорғауға бағытталған.
Сондықтан да заң жобасының мәдени-рухани сала үшін маңызы ерекше деуге болады. Өйткені, архив – ұлттың жады, мемлекет тарихының құжаттық айғағы. Мұрағаттар саласын ұдайы жетілдіріп, дамытып отырудың мәні зор.
Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда тарихи жадымызды сақтау және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында заманауи цифрлық архивтер құру жөнінде нақты тапсырма берген болатын.
Осы ретте, аталған заң жобасы архив жүйесін нығайтуға, цифрлық үдерістерді реттеуге, дербес деректерді қорғауға және тарихи мұраны сақтауға бағытталған».
Заң жобасының негізгі новеллаларына мыналар жатады:
— Ұлттық архив қорының құрамын қала құрылысы, тәжірибелік-конструкторлық, жобалық-сметалық құжаттамалар, сызбалар және оларға қосымша мәтіндік жазбалар есебінен кеңейту;
— Құжаттарды тұрақты сақтауға қабылдау және цифрлық архивке өткізу тәртібін реттеу;
— Бюджет есебінен жасалған аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын архивтерге тапсыру;
Сондай-ақ заң жобасына цифрлық архив туралы жаңа бап енгізілді.
Елнұр Бейсенбаев осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жалақысына да тоқталып өтті: «Өздеріңізге мәлім, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым міндеттердің бірі – мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің жалақысын арттыру.
Осыған байланысты, заң жобасында жергілікті атқарушы органдардың рөлін күшейтуге бағытталған нормалар көзделген. Енді олар ауылдық жерлердегі архив саласы мамандарының лауазымдарының тізімін анықтай алады. Сол бойынша жалақыға қосымша 25 пайыз ақы төленетін болады».
Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесі берілетін болады. Бұл шешім Парламент пен Үкіметтің елдің тарихи жады мен мәдени мұрасын сақтаудағы архив жүйесінің рөлін нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысының нәтижесі болды.
Енді ұлттық архивтердің қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу кезінде 1,75 еселік үстеме коэффициент қолданылады.
Шамамен келесі жылы Астана мен Алматы қалаларындағы екі архив аталған ұлттық мәртебеге ие болады.
JQ-Aqparat

gov.kz

 

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған