jasqazaq.kz

Мемлекетке 4,5 млрд теңге залал келтірді делінген «Ordamed» төрағасы іздеуде

29 қантар, 15:02

«Ordamed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы деректерде көрсетілген, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Іздеу карточкасына сәйкес, Еркін Ділімбетов бір күннен бері іздеуде. Іздестіру ісі 28 қаңтарда Астана қаласында тіркелген. Іздеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 26 қаңтарда ҰҚК Қазақстанда медициналық бұйымдарды жалған өндірудің ауқымды схемасы әшкереленгенін хабарлаған болатын. Сол кезде OrdaMed фармацевтикалық компаниясының басшылары ұсталғаны мәлім етілді.
ҰҚК дерегінше, OrdaMed АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісі бар екені туралы жалған құжаттарды пайдаланған. Осы құжаттар арқылы халыққа аса қажет 28 медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференция алған.
Алайда тергеу барысында дайын медициналық жабдықтардың шетелден жеткізілгені анықталған. Соның салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.
Сот санкциясымен OrdaMed АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынған еді.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге