Мемлекет қолдауының арқасында жылыжайдың аумағы кеңеді

31 шiлде 2023, 10:50

Ауылшаруашылығы саласында басым бағыттарының бірі азық-түлік тауарлары екені белгілі. Тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласында жылыжай кешендерінің саны мен оған көрсетілетін мемлекеттік қолдау үлесі артып келеді. Шымкенттегі мемлекет тарапынан қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған өндірістік жылыжай кешендерінің бірі — «Иляев» ЖК. Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан жылыжайдың жалпы аумағы 4 гектарды құрайды.

Жылыжайда өсімдік өсіру жұмыстары 2018 жылы басталған. Бүгінде елімізде жылыжай шаруашылығын қолға алған кәсіпкерлерге «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жеке кәсіпкер «Иляев» та осындай мемлекеттің қолдауына ие болған. Жылыжай кешені түркиялық стандартқа сай келетін және жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып қана қоймай, инновациялық жүйедегі заманауи технологиялармен қамтылған.

Мұнда жылына 1000 тоннаға дейін қызанақтың «Мерлис» және «Пембе» сорттарын өндіреді. Бүгінде өндірілген тауарлар азық-түлік дүкендері мен базарларында сатылып жатыр.Өсімдікті өсіріп, уақытылы су беріп, піскенге дейінгі баптау үшін жылыжай кешенінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Айта кетейік, бұл жерде өсірілетін көкөністер тек экологиялық таза өнімдерден құралады. Оларды өсіруде қолданылатын технология су мен тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар арқасында кәсіпкер, шаруашылық иесі Берік Иляев өткен жылы қосымша жылыжай аумағын 4 гектарға ұлғайтып, өнім көлемін арттырды. Осы жылыжайда өсірілген қызанақтарды Шымкент қаласын ғана қамтып қоймай, экспортқа шығаруды көздеп отыр.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады