Шымкент қаласында мемлекеттің қамқорлығына алынған қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауқымды әрі мазмұнды жұмыс атқарды. Қызмет алушылардың қамтылуы ғана емес, көрсетілетін көмектің сапасы мен мазмұны да едәуір артқаны байқалады. Бүгінгі күні орталықта 64 азамат әлеуметтік қызмет алуда. Оның 42-сі ер адам, 22-сі әйел. Қызмет алушылардың дені зейнеткерлер болса, 12 адам – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Жас ерекшеліктері 28 бен 90 жас аралығында. Барлық қызмет алушы Ай-нұры емханасына тіркеліп, медициналық бақылауға алынған
Орталыққа келушілердің этникалық құрамы да әртүрлі. Қазақ ұлтының өкілдері – 110 адам. Орыс – 31, өзбек – 22. Сонымен қатар татар, беларусь, ұйғыр, неміс, украин, бурят ұлттарынан 13 адам тіркелген. Қызмет алушылардың 12-сі мүгедектігі бар азаматтар. Оның ішінде 5 адам – бірінші топ, 7 адам – екінші топтағы мүгедектер
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік порталда 13 қызмет алушыға жеке кабинет арқылы оңалту бағдарламасына сәйкес өтінім жолданып, оларға жөргек, төсеніш, балдақ, массаж кремдері, гигиеналық құралдар мен қоларбалар берілді. Төрт қызмет алушы шипажайлық-курорттық ем алу үшін Ақсу Жабағылы, Сарыағаш, Денсаулық сияқты емдеу орындарына жолдама алып, денсаулығын түзеп қайтты. Қосалиев Мусалим есімді қызмет алушыға демеушілер есебінен есту аппараты сыйға берілді. Ал Oneclinic клиникасы қайырымдылық негізінде бес адамға он күндік тегін ем-дом жүргізген. Сонымен қатар алты қызмет алушыға көзге ота жасалып, көру қабілеті қалпына келтірілді. Олар: Стенюшкин Владимир, Байгенжеев Серік, Климова Зинайда, Қосалиев Мусалим, Еремина Евгения және Бунаков Анатолий
Медициналық тексерулер нәтижесінде психикалық ауытқуы бар алты адам анықталып, ресми есепке алынды. Олар: Яркина, Мусаев, Әлиева, Маханбетов, Кузьмич және Бектұрсынова. Бұл орталықтың әлеуметтік ғана емес, медициналық бағыттағы жұмыстарға да басымдық беріп отырғанын көрсетеді
Аталған орталық 2025 жылдың 11 наурызында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ресми лицензия алып, жұмысын заң аясында жалғастыруда. Қазіргі таңда қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Социум платформасына 52 маман тіркеліп, жұмыс процесі цифрлық жүйеге көшкен
Жыл басынан бері орталықта 24 концерттік бағдарлама мен 7 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, қызмет алушылардың көңілін көтеру мен әлеуметке бейімдеуге бағытталған шаралар легі үзілген емес. Орталықтың жұмысы туралы екі бейнематериал түсіріліп, Оңтүстік ТВ және Хан ТВ телеарналарында көрсетілді. Әлеуметтік қолдауды заманауи форматта ұйымдастырып отырған мекеме ел ішінде ерекше қолдауға лайық үлгі ретінде танылып келеді.
Бибайша Нұржанқызы,
Шымкент