jasqazaq.kz

Мемлекет еңбекке баулитын бағдарламаларға қолдау көрсетуге дайын

28 шiлде, 18:09

Шымкент қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Раушан Жантөреқызы мемлекеттік грантқа ие болып, отбасы үшін де, қоғам үшін де пайдалы кәсіп бастады. Балаларының денсаулығына алаңдаған ана базар сөрелерінде самсап тұрған тәттілер мен қытырлақ өнімдердің құрамындағы химиялық қоспалардан қауіптеніп, табиғи өнім өндіруге бел буған.

Бастапқыда Раушан қарапайым әдіспен – жемістерді күн мен желге кептіру арқылы өнім дайындап көрген. Бірақ уақыт өте келе бұл тәсілдің санитарлық талаптарға сай келмейтінін және өнімнің сапасы да төмен болатынын аңғарып, кәсібін кеңейту мақсатында мемлекеттен қаржылай қолдау алуға шешім қабылдайды. Ол “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында ұсынылатын қайтарымсыз грант туралы ақпарат алып, 400 АЕК көлемінде қаржыға өтінім береді.

Раушан Жантөреқызының бизнес-идеясы комиссия алдында мақұлданып, қолдауға ие болды. Алған қаржыға 48 сөрелі кәсіби кептіргіш құрылғы сатып алып, шағын цехын іске қосты. Бүгінде оның табиғи кептірілген жемістері мен чипстері әлеуметтік желілер арқылы саудаланып жатыр.

– «Менің ең басты мақсатым – балаларымның денсаулығын сақтау еді. Мемлекеттің қолдауын пайдаланып, өз ісімді аштым. Бұрын дайын өнімді сатып алып жүрсек, енді сол өнімді өзіміз шығарып, отбасылық табыс көзіне айналдырдық. Бұл – шынайы еңбектің, табандылықтың және масылдықтан арылудың айқын көрінісі», – дейді кәсіпкер ана.

Бүгінде Раушанның өнімдеріне тек балалар емес, ересектер де қызығушылық танытып отыр. Кептірілген жемістер шәймен ішілетін табиғи дәрумен көзіне, ал балалар үшін тәтті әрі пайдалы тіскебасарға айналған. Оның айтуынша, өнімге сұраныс күн санап артып келеді. Болашақта жеке дүкен ашып, өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр.

Ең бастысы – кәсіпкер ана бұл істі жалғыз емес, балаларымен бірге атқарып отыр. Балалары анасына көмектесіп, еңбектің мәнін, табыстың қадірін түсініп келеді.

«Мемлекет ұсынған мүмкіндікке селқос қарауға болмайды. Егер ниет пен сенім болса, масылдықтан арылып, өз кәсібіңді дөңгелетуге болады. Қазіргі табысым – тек менің ғана емес, бүкіл отбасымның жеңісі», – дейді Раушан Жантөреқызы.

Мемлекет еңбекке қабілетті азаматтарға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың масылдықтан арылып, қоғамға пайдалы іспен айналысуына нақты жағдай жасап отыр. Раушанның мысалы – осыған дәлел. Қол қусырып отыру – таңдау емес. Бүгінгі таңда еңбек етемін, кәсіп бастаймын деген әр азаматқа қайтпас жігер мен нақты қадам қажет.

Осындай азаматтардың арқасында елімізде еңбекке негізделген, белсенді қоғам қалыптасады. Масылдықтан арылудың бірден-бір жолы – өз мүмкіндігіңе сеніп, нақты әрекетке көшу.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті