jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Алматы әкіміне LRT және SkyTrain жұмыстарын жеделдету бойынша тапсырма берді

Бүгін, 16:33

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz, Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5 пайызды құрады, ал биылғы қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4 пайызға жетті. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады.

Шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асады. «Алматы» индустриялық аймағы мен «Алатау» арнайы экономикалық аймағына жаңа жобаларды тарту мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Алматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Цифрландыру аясында Almaty AI Park қалыптасып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен талдау жүйесі дамып келеді.

Туризм мен тау кластерін өркендету жалғасады. Биыл «Шымбұлақты» жаңғырту, іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталады. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы кеңейтілуде.

Бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізу көзделген. Қоғамдық көлікті ілгерілету, соның ішінде BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады. Инженерлік инфрақұрылым және сумен жабдықтау жүйесі жаңартылып жатыр.  Экологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаңғырту және шығарындыларды азайту шаралары қолға алынды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Сурет: Akorda/мұрағат
Бүгін, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді