Мемлекет бағдарламасы баспаналы болудың тиімді жолы

16 тамыз 2023, 22:17

Бүгінгі таңда елімізде мемлекет тарапынан құрылысқа қыруар қаржы бөлініп, баспана салу жыл сайын артып келеді. Бұрынғыдай кезек жылжымай, халықты әбігерге түсіретін күндер бүгінде алыстады. Себебі жыл сайын жаңарып, жетіліп келе жатқан жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары бүгінде өз жемісін беріп келеді. Тұрғын үй кезегіне тіркелгендердің өсу ретіне назар салсақ, соңғы екі жылда қалада 7,5 мың адамға көбейген. Мәселен, Шымкентте 2021 жылы тұрғын үй кезегінде – 42 269, 2022 жылы – 48 603 адам кезекке тұрған болса, биыл 49 752 тұрғын тіркелген екен.

–Шымкентте соңғы төрт-бес жылдықтарда құрылыс қарқыны артып, баспанамен қамтуда республикада көш басында келе жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Биылғы статистикаға келсек, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 324 арендалық пәтер жоспарланып, оның ішінде мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй кезегіндегі 168 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 48 пәтер – көпбалалы отбасыларға, 25 пәтер – халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 47, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне –48 пәтер табысталып, келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар Тұран шағынауданында орналасқан. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табысталатын болады, -дейді Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әр түрлі санаттар бойынша тағы 505 отбасын қамту жоспарлануда.Қазіргі таңда бұл бойынша тиісті мекемеге ұсыныс беріліп, жұмыстар атқарылуда. Осылайша биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табысталатын пәтер саны артпақ. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, қазір әртүрлі санаттағы азаматтарға арналған бағдарламалар бар. Яғни, бұл жеңілдетілген несиелік бағдарламалардың тұтынушы шеңберін көбейтеді. Жыл басында несиелік негізде 1732 пәтермен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 753 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді. Яғни «5-20-25» несиелік бағыты бойынша 452 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша – 230 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша – 71 пәтер кредиттік бағытта рәсімделген.

Ал, арендалық тұрғын үйлердің сатып алу құқығы жоқ. Сондай-ақ, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін сатып алу құқығымен жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар қарастырылған. Яғни, кезекке тіркелген азаматтар төлем қабілеттігіне қарай арендалық баспананы жылдар бойы күтпестен «Шаңырақ», « Бақытты отбасы», «5-25-25» сияқты сатып алу құқығы бар ипотекалық үйлердің конкурстарына қатыса алады. Бұл бағдарлама «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылады.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз