jasqazaq.kz

Мектепте есірткі сатқандар өмір бойына бас бостандығынан айрылады

13 қантар, 16:19

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов мектепте есірткі сатқандарға аяушылық жоқ екенін мәлімдеді.
Оный айтуынша, білім беру мекемесінде есірткі сатқандар өмір бойына сотталады.
Ол: «Мұндай жағдай бірнеше жыл бұрын Қызылорда облысында тіркелді. Қазір заңға сәйкес мектеп аумағында есірткі сатқандар өмір бойына сотталады», – деді. Өткен жылы мұндай жағдай тіркелмепті.
Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 4-бөлігіне сәйкес, қылмыстық топ не лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып есірткі, психотроптық заттарды дайындап, қайта өңдеп, өндіргені үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан не өмір бойына бас бостандығынан айрылады.
JQ-Aqparat

Сурет: gov.kz

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге