jasqazaq.kz

Медтуризм форумы: Еліміздің санаторий-курорттарына жыл сайын жарты миллионға жуық адам барады

13 қазан 2025, 18:54

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі медициналық туризмнің негізгі бағыттарының бірі ретінде санаторлық-курорттық аймақтарды дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Министрлік мәліметінше, медициналық туризмді дамыту аясында жыл бойы емдік-сауықтыру қызметтерінің ұсынысын кеңейту мақсатында медициналық мекемелер, санаторийлер мен туроператорлар арасында ынтымақтастықты нығайту көзделген.
Бүгінде Қазақстанның санаторлық-курорттық мекемелеріне жыл сайын шамамен жарты миллион адам келеді. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті инфрақұрылымды жетілдіру, «Kazakhstan Health Travel» брендін ілгерілету және шетелдік пациенттерді тарту арқылы арттыру жоспарлануда.
«Біздің табиғи байлығымыз — ел игілігі ғана емес, халық денсаулығын нығайтудың және медициналық туризмді дамытудың стратегиялық құралы. Қазақстан Орталық Азиядағы санаторийлік-курорттық емдеудің орталығына айналуға толық әлеуетке ие», — деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.
Форумда атап өткендей, еліміздің стратегиялық артықшылығы — қайталанбас табиғи-климаттық әлеуетінде. Таулы аймақтың таза ауасы, емдік көлдер, минералды және термалды сулардың бірегей үйлесімі шетелдік пациенттер мен медициналық туристердің ерекше қызығушылығын тудырады.
Осы табиғи факторлар қалпына келтіру медицинасы, оңалту және аурулардың алдын алу салаларын біріктіретін маңызды негізге айналуда.
JQ-Aqparat 
Сурет: денсаулық сақтау министрлігі

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді