jasqazaq.kz

Медиация — татулық тірегі

21 қазан 2025, 17:46

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Медиация – татулық тірегі» тақырыбында форум басталды.

Екі күнге жоспарланған іс-шараның мақсаты – жергілікті медиаторлардың тәжірибесін арттыру арқылы этномедиацияның әлеуетін дәріптеу және дау-дамайды реттеудегі үздік тәжірибелелік кейстермен бөлісу.

Форумға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшылығы, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, құқық қорғау органдары мен әділет департаментінің қызметкерлері, медиация оралықтарының кәсіби медиаторлары, мектеп психологтары, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар алдында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Заңғар Үсіпахметов сөз сөйлеп, «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Этномедиация әлеуетін ұтымды пайдаланудың қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға қосатын қомақты үлесі туралы айтты.

«Өркениетті қоғамның басты шарты – заңның үстемдігі мен құқықтың салтанат құруы. Медиация – тараптарды татуластырып, өнбес даудың өріс алуына жол бермейді. Мемлекет басшысының этномедиацияны әрі қарай дамыту ісін Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеуі уақыт талабынан туындап отыр», – деді Заңғар Нышанбекұлы.

Форумның алғашқы күні қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Абай облысы бойынша филиалының директоры, кәсіби медиатор Әсет Абжақов сөз сөйлеп, медиация саласындағы заманауи тәсілдер мен этномедиация тәжірибесін дамыту бағытында мазмұнды презентация ұсынды. Сондай-ақ аталған академия өкілі, кәсіби медиатор Гүлжан Қожахметова қатысушыларға дау-жанжалды шешудің тиімді модельдері мен медиатордың кәсіби этикасы туралы тәжірибелік дәріс өтті.

Айта кетейік, форумның жалғасы 22 қазанда Шымкент қаласындағы Ж.Тәшенов университетінің «М.Байғұт атындағы студенттер үйі» ғимаратында өтеді. Бағдарламаға сәйкес кәсіби медиаторлар қатысушылар алдында этномедиацияны дамытуға арналған тақырыптарда дәрістер өтіп, өз тәжірибелері мен үздік тәсілдерді бірлесе талқылайды. Форум соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

JQ-Aqparat 

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі

22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)