Жыл соңына дейін Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғындарына 4 жекеменшік балабақшасы қолданысқа беріледі. Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев айтты.
Ауданда 6 896 бала тәрбиеленіп жатқан 18 мемлекеттік және 49 жеке меншік балабақша, 15 шағын орталық халыққа қызмет көрсетеді. Соның ішінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша («Балапан» бағдарламасы) жұмыс істейтіндері – 34.
Ағымдағы 2017 жылы 2-я Многоводная, 17 мекен-жайында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 100 орынға арналған № 107 мемлекеттік балабақша ашылды. Салынған инвестиция сомасы – 380 млн теңге.
«Мектепке дейінгі мекемелердегі орын жетіспеушілікті жоюдың және бір жолы жекеменшік мемлекеттік балабақшалар ашу болып табылады», — деді әкім 10 айлық есеп беру отырысында.
Өткен 2016 жылы аудандық әкімдіктің бастамасымен жеке кәсіпкерлер қаражаты есебінен жалпы сыйымдылығы 852 орынды құрайтын 21 жекеменшік балбақша ашылды. Салынған инвестиция жалпы сомасы — 2,4 млрд теңгн құрайды.
Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын тауып, жыл басынан бері жалпы сыйымдылығы 681 орынға арналған 12 жекеменшік балабақша мен балаларды мектепке даяраулға арналған 4 шағын орталық ашылды. Салынған инвестицияның жалпы сомасы — 377 млн теңге. 150 жаңа жұмыс орыны ашылды.
Жыл соңына дейін 350 орынға арналған 4 жекеменшік балабақша ашылу жоспарлануда.
Медеу ауданының әкімі Ержан Жұматұлы өз баяндамасын «Алдағы 2018 жылы №114, 116, 141 балабақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және қосымша жапсарлас ғимараттар салу арқылы қосымша 150 жаңа балабақша орындарын ашуды жоспарлаудамыз», – деп қорытындылады.
Еске сала кетейік, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында
«Бізде қазірдің өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өткен 3 жылда мемлекет 40 мың орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мың орынға арналған 1300 балабақша ашты. Жекеменшік балабақшалардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), Қызылорда (181) облыстарында ашылды.
Мен үшін осы сектордағы мемлекет-жекеменшік серіктестігінің үлгісі өте маңызды. Бұл аса маңызды жалпыұлттық міндеттердің бірі – 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселесін мемлекет пен бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді»,- делінген. Міне сол Жолдауда жүктелген міндеттер орындалуда.