Медет Жанәбілов: Ауылды ауыз сумен қамту – басты назарда

17 қазан 2023, 15:09

Елімізде ауыз су мәселесі шешімін табуды қажет ететін елді мекендер бар. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында ауыз су — күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Жайқалтып бау-бақша өсіріп отырған тұрғындар судың күндіз-түні тоқтамай ағып тұрғанын қалайды. Осы орайда Jasqazaq.kz тілшісі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Медет Жанәбіловпен арнайы сұхбаттасып, аудандағы ауыз мәселесінің қалай шешіліп жатқанын сұрап-білді.

— Медет Әділжанұлы, Еңбекшіқазақ ауданы – мал өсіріп, ауыл шаруашылығын дамытып отырған өңір. Аудандағы ең өзекті ауыз су мәселесі қалай шешілуде?

— Әрине, өте орынды сауал. Халықты сапалы ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету басты назарда, күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Еңбекшіқазақ ауданы – халқы еңбекқор, шұрайлы, топырағы құнарлы мекен. Тұрғындар диханшылықпен, мал өсірумен айналысады. Сондықтан ауыз су мәселесінің шешілуін біз аудан жұртымен бірігіп талқылаймыз. Ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында біраз шаруа қолға алынып, ойдағыдай жүзеге асырылып келеді.

Бүгінде жеті елді мекеннің су құбырларының құрылысына 5,7 млрд теңге (жоба құны — 12,5 млрд) бөлініп, үш елді мекен — Нұра, Бәйдібек би, Қызылжарда құрылыс жұмыстары жүруде. Сонымен қатар Ащыбұлақ, Рахат, Шелек, Қазақстан елді мекендерінде сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудандағы су жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарына келсек, Қызылжар ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу бойынша мердігер «Таир» ЖШС-мен 1 млрд 19 млн теңгеге келісімшарт жасалып, қазір ұзындығы 43,6 шақырым болатын су жүйесі қайта жаңғыртылуда. Бұл жобаға қаражат толық бөлінген, аяқталу уақыты 30-шы қарашаға жоспарланып отыр. Келесі жоба Нұра ауылын сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу бойынша мердігер «СМУ Шығыс» ЖШС-мен 862,8 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Ұзындығы 12,2 шақырым су жабдықтау жүйесінің жұмысының аяқталу мерімі — қараша айының соңы. Қазіргі таңда абонементтерге қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бәйдібек би ауылын сумен жабдықтау бойынша мердігер «Әлихан Ойл З» ЖШС-мен жалпы сомасы 2 млрд 601,3 млн теңгеге келісімшартқа отырып, олар ұзындығы 49,5 шақырым су жүйесін қалпына келтіреді. Биыл 6 елді-мекенді – Ақши, Қайрат, Әймен, Өрікті және Малыбай ауылдарын сумен қамту жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Қазіргі таңда кезең-кезеңімен аудандағы ауылдарға су жүйесі жүргізілуде.

— Жалпы бүкіл аудан бойынша ауыз су мәселесін шешуді талап ететін қанша ауыл бар? Оларды сумен қамту жұмыстары қашан қолға алынады?

— Бүгінгі күнге 71 (орталықтандырылған 89,9%) елді мекеннің 24–інде су құбырлары жаңартылып, таза ауыз сумен қамтылған (33,8 пайыз), ал қалған 40 елді мекенде су құбырларын қайта жаңғыртуды қажет етеді. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Одан бөлек, 4 елді мекенде (Есік, Бөлек, Өрікті және Түрген) сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және құбыр төсеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2024 жылға, Алматы облысы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюжеттік өтінім берілді, жоба құны — 7 496,4 млрд теңге.

— Аудан орталығы — Есік қаласында жаңа тұрғын үйлер салынып, маңайы да күннен күнге кеңейіп келеді. Аудан орталығын сумен қамту жағы қалай?

— «Еңбекшіқазақ топтық су құбырының құрылысы» нысаны бойынша
2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 2-ші кезектің құрылысы басталған болатын. Аталған нысанның құрылысы Есік қаласын Еңбекшіқазақ ауданының магистральдық топтық су құбырына қосып, жалпы саны 105,2 мың адамды құрайтын 8 елді мекенге (Бөлек, Аймен, Қызылжар, Қарасай, Қайназар, Көктөбе, Рахат және Өрікті) үздіксіз және сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы сомасы 4 млрд 476 млн теңгені құрайды. Бұл қаражат 100 пайыз игерілді.

Мақпал Ноғайбаева

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді