jasqazaq.kz

Мазмұндық жақтан үндесіп, бірін-бірі толықтырып, жетілдіріп отырады: депутат Құрылтай мен Халық Кеңесінің жұмысы жайлы айтты

29 қантар, 23:14

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов реформаға қатысты ойымен бөлісіп, Құрылтай мен Халық Кеңесінің жұмысындағы айырмашылғы жайлы айтты.

Депутаттың айтуынша, преамбула мәтінінде көрініс табуы тиіс ұсыныстардың ішінде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен оның мүддесі туралы арнайы норма қарастырылған.
«Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – мемлекеттік саясаттың негізгі тірек қағидаттарының бірі. Бұл қағидат экологиялық саясатты қалыптастыруда, бюджеттік жоспарлауда, табиғи ресурстарды ұтымды әрі үнемді пайдалануда, ұлттық байлықты сақтауда басты бағдар болуы қажет. Бұл ұстаным мемлекеттік басқарудың көз алдағы мүдделерге емес, елдің тұрақты әрі орнықты дамуына бағытталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ол мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігімен, қоршаған ортаны қорғау міндетімен және ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатымен өзара тығыз байланысты. Сондықтан, бұл норманы бекіту – жай декларативті ұстаным емес, мемлекеттік саясаттың нақты стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды қағида болуға тиіс», – деді ол.
Ізмұхамбетовтің тағы бір тоқталып кеткен бағыты – Құрылтай мен Халық Кеңесінің конституциялық мәртебесіне және олардың функционалына қатысты.
«Құрылтай мен Халық Кеңесінің жұмысы мазмұндық жақтан үндесіп, бірін-бірі толықтырып, жетілдіріп отырады. Осылайша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толыққанды жүзеге асыра аламыз. Халық Кеңесінің артықшылығы – оның кең өкілеттігінде. Демек, Халық Кеңесі – кеңесші орган ғана емес, халықтың ойы айтылатын, ұсынысы жеткізілетін, азаматтық ұстанымы ескерілетін алаңға айналады», – деп ақтылады Мәжіліс депутаты.

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге