jasqazaq.kz

Мәжіліс депутаты сағат 20:00-ден кейін алкоголь сатуға тыйым салуды ұсынды

14 қантар, 15:31

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов дүкендерде алкоголь өнімдерін сағат 20:00-ден кейін, ал кафе мен мейрамханаларда 22:00-ден кейін сатуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов алкоголь айналымын қатаң бақылауға алу ұсынысын жолдады. Ол ІІМ статистикасына сүйене отырып, өлтіру оқиғаларының жартысы, зорлық-зомбылық пен бұзақылықтың үштен бірі, тонау оқиғалары мен жол-көлік апаттарының төрттен бірі, сондай-ақ тұрмыстық қақтығыстардың басым бөлігі алкогольдік масаңдықпен байланысты екенін атап өтті.

Ұсынылған шаралар қатарында:

🔹 Оқу орындарынан 100 м-ден жақын жерде алкоголь сатуын шектеу
🔹 Алкоголь сататын бөлшек сауда нүктелерінің санын азайту
🔹 Барлық алкоголь өнімдерін міндетті цифрлық маркировкамен қамтамасыз ету
🔹 Алкогольді сауда жасау уақытын 20:00-ге дейін, ал кафе мен мейрамханаларда  22:00-ге дейін шектеу
🔹 Алкогольді ішімдікті қашықтан сатуын толықтай тыйым салу

Сурет: Depositphotos.com
Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге