Мажарстанда V Будапешт демографиялық саммиті өтіп жатыр

15 қыркүйек 2023, 11:01


Мажарстанда «Отбасы: қауіпсіздік кілті» тақырыбында V Будапешт демографиялық саммиті өтіп жатыр. Саммитке 60 елдің өкілдері, оның ішінде Болгария президенті Румен Радев, Италия Премьер-Министрі Джордж Мелони, Танзания Вице-президенті Филип Исдор Мпанго, сондай-ақ, үкімет мүшелері, дін қайраткерлері, журналистер және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысуда.


Саммитке Венгрия тарапының шақыруы бойынша Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева барды.
Ол отбасылық саясат мәселелері жөніндегі интерактивті сессияда сөз сөйлейді. Сессияға Венгрия, Катар, Түркия, Сербия, Марокко, Словения, Тунис және Эквадор министрлері қатысады.
Екі күн ішінде қатысушылар болашақ ұрпақ пен отбасы үшін қауіпсіз және жарқын болашақты қалай құру керектігі туралы пікірлерімен бөліседі.


Будапешт демографиялық саммиті Мажарстан президенті Каталин Новактың қолдауымен екі жылда бір рет Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның қатысуымен өтеді.
Саммит әлемнің түрлі елдерінің саясаткерлері, сарапшылары, дін қайраткерлері, бизнес, ғылым және БАҚ өкілдері демография мәселелерін және отбасы институтының дамуына әсер ететін негізгі мәселелерді талқылайтын алаң.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді