Мажар компаниясы Қазақстанда газ өндіреді

02 қараша 2023, 18:53


Мажардың MOL компаниясы еліміздің батысында орналасқан Рожковское кенішінде табиғи газ өндіруге кіріседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесуде инвестордың осы жобаға қатысу үлесі 192 млн доллар екенін атап өтті.
Батыс Қазақстан облысында газ өндіруге мажар компаниясымен бірге «ҚазМұнайГаз» және Sinopec (Қытай) те атсалысады. Кеніштегі табиғи газ қоры 26,8 млрд текше метр. Ал газ конденсатының үлесі -12,5 млн тонна.
2008 жылы ашылған кен орнында жыл соңына дейін 13 млн текше метр «көгілдір отын» өндіру көзделіп отыр. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев журналистерге хабарлағандай, кеніштің қоры жылына 1 млрд текше метр газ өндіруге мүмкіндік береді.

JQ-Naryq

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу