Мажар компаниясы елімізде күн электр стансаларын салады

02 қараша 2023, 14:34

Мажарстанның Globalia компаниясы еліміздің бірнеше өңірінде күн электр стансаларын салады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан мен Ақордадағы кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде сөз етілді.

«Қазіргі таңда қос мемлекет арасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Бүгін Виктор Орбан мырзамен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бағытталған нәтижелі келіссөз жүргіздік. Жан-жақты әріптестікті, ықпалдастықты нығайту халықтарымыздың мүддесіне сай келеді. Біз бүгін нақты әрі маңызды келіссөзге қол жеткіздік. Әсіресе екіжақты сауда-саттық көлемін ұлғайтуға және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға баса мән бердік. Осы орайда тауар түрін көбейтіп, жаңа мүмкіндіктерді пайдалану аса маңызды», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 млн доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алатынын атап өтті.
«Энергетика, металлургия, машина жасау, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және құрылыс салалары бойынша өнім экспорттауға мүмкіндік бар. Біз инвестициялық серіктестікті одан әрі жандандыру үшін ірі жобаларды бірлесіп іске асырамыз деп уағдаластық. Сондықтан өзара тиімді жобалар тізімі әзірленеді», — деді Президент.

Батыс Қазақстан облысындағы Рожков газ кеніші жыл соңына дейін іске қосылады.

«Онда Мажарстанның MOL мұнай-газ компаниясының үлесі 192 млн доллар болмақ. Сондай-ақ, Globalia кәсіпорны еліміздің бірқатар аймағында күн энергия стансаларын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны — 150 млн доллар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу