Мәулен Әшімбаев: Шағын және орта бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуды жалғастыру керек

10 қараша 2023, 12:04


Шағын және орта бизнес экономиканы дамытудың маңызды драйверлерінің бірі болуы тиіс. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында экономикалық дамудың жаңа үлгісіне көшудің негізгі басымдықтарын белгілеп берді. 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайтып, 450 млрд АҚШ долларына жеткізу ескерілген. Бұл – ауқымды әрі күрделі міндет. Осы ретте, шағын және орта бизнес экономиканы дамытудың маңызды драйверлерінің бірі болуы тиіс. Жалпы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі», — деді М.Әшімбаев Сенатта «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында.
Бұл тұрғыда Сенат төрағасы Парламент Үкіметпен бірлесіп, тиісті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жолында үнемі белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Қазір депутаттардың қарауындағы құжаттардың қатарында бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасы да бар. Бүгінгі іс-шарамыз аталған заң жобасының сапасын арттыруға да оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Елімізде бизнесті дамыту бағытында арнайы ұлттық жоба қабылданғаны белгілі. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Кәсіпкерлерге жан-жақты және кешенді қолдау көрсетіліп отыр. Шағын және орта бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий жарияланғаны да белгілі. Ол осы жылдың соңына дейін қолданыста болады. Әкімшілік жүктемені азайту бағытында да біраз іс-шаралар жүзеге асырылды. Осындай жұмыстарды алдағы уақытта жаңа қарқынмен жүргізуіміз қажет. Бүгінгі Үкімет сағаты бұл бағыттағы маңызды бастамаларды жан-жақты талқылып, тұжырымдауға мүмкіндік береді деп сенеміз», — деді Мәулен Әшімбаев.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу