Мәулен Әшімбаев: Діни рәміздерді қорлау – халықтар мен діндер арасындағы дұшпандықты қоздыратын вандализм

11 қазан 2023, 11:01

Қасиетті кітаптарды өртеу, діни рәміздерді қорлау – халықтар мен діндер арасындағы дұшпандықты қоздыратын вандализм. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

«Қазіргі таңда арандатушылардың өздерінің теріс пиғылы үшін дінге сенушілердің діни наным-сеніміне манипуляция жасауы үлкен алаңдаушылық тудырады. Қасиетті кітаптарды өртеу, діни рәміздерді қорлау – халықтар мен діндер арасындағы дұшпандықты қоздыратын вандализм. Қазақстан Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында айтқандай, мұндай жол беруге болмайтын әрі тағылық әрекеттерден сөз бостандығының нышаны білінбейді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Оның атап өтуінше, халықаралық шиеленістің өршу жағдайында жаһандық диалог пен сенімді нығайтатын жаңа әдістер табудың өмірлік маңызы бар.

«Қазіргі әлемдегі проблемалардың басым бөлігіне адамгершілік дағдарыс негіз болып отырғаны айқын. Материалдық игілік, табиғат пен қоршаған адамдарға тұтынушылық қарым-қатынас ізіне түсу, адамгершілік басымдықтарының құлдырауы адамзат қоғамына теріс ықпалын тигізеді. Мұндай жағдайда іргелі және адамгершілік құндылықтарының қорғаушысы ретіндегі әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі зор маңызға ие», — деді Сенат төрағасы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді