jasqazaq.kz

Мәулен Әшімбаев: Бүгін — егемен еліміз үшін маңызды күн

15 наурыз, 9:25

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумда дауыс берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Мәулен Әшімбаев республикалық референдумның мән-маңызына тоқталып: «Бүгін егемен еліміз үшін маңызды күн. Қазақстанның жаңа Конституциясы жалпыұлттық референдумға шығарылып отыр. Бұл ретте азаматтық белсенділік айрықша мәнге ие. Себебі, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Сондықтан референдумға қатысып, дауыс беру – әр қазақстандық үшін өз құқығын жүзеге асырып, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға үлес қосатын үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ бұл референдум – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі. Мемлекеттік маңызға ие шешімдер халықтың пікірі ескеріле отырып қабылданады. Осыған орай барлық азаматты ел ертеңіне бей-жай қарамай, референдумға белсенді қатысып, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуын көздейтін мәселеге байланысты өз таңдауларын жасауға шақырамыз. Мұндай маңызды кезеңде әр дауыс үлкен рөл атқарады және ол – жоғары азаматтық жауапкершіліктің белгісі», – деді.
JQ-Aqparat
Сурет: Парламент Сенаты

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді