jasqazaq.kz

«Масқара жағдай». ІІМ министрі Қарағандыда болған оқиғаға қатысты пікірін айтты

13 қазан 2025, 15:53

Бүгін Үкімет сағатынан кейінгі брифингте ішкі істер министрі Ержан Сәденовке  Қарағандыдағы полиция бөлімшесінде жансыз қыздың жанында ес-түссіз күйде табылған полицей туралы сұрақ қойылды.

Министр бұлтармай, ашық жауап берді: «Бұл енді масқара жағдай. Полицейге қатысты осындай күдік туындаған жақсы емес. Қазір қылмыстық іс қозғалды, түрлі версияны тексеріп жатырмыз. Барлық мән-жай толық анықталады, іс менің жеке бақылауымда. Ол жерде полиция қызметкері болғандықтан, бәрін анықтау маңызды. Маған бұл туралы алғашқы минутта хабарланды. Тергеу жүріп жатыр, нәтижесін міндетті түрде хабарлаймыз.

Ол қазір ауруханада. Алғаш табылған кезде комада болған. Қызметінен уақытша шеттетілді. Қылмыстық істі талқыламаймын, себебі тергеу жүріп жатыр. Барлық дерек тексеріледі. Бұл жағдай біздің ведомство үшін жақсы емес. Қоғамның бұл оқиғаға алаңдап отырғанын білемін. Сондықтан мән-жәйі анықталғаннан кейін жұртшылықты хабардар етеміз».

JQ-Aqparat

Сурет: видеодан алынды 

 

 

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді