Мас жүргізуші полицияның сиренасын естімеген (Видео)

13 қараша 2023, 15:39

СҚО-да мас жүргізуші полицияның сиренасын естімеген. Polisia.kz хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысында 10 айда мас жүргізушілердің кінәсінен болған 23 жол-көлік оқиғасында 6 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды. 7-12 қараша аралығында өткен “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасында 6 күн ішінде СҚО полицейлері 29 мас жүргізушіні анықтады. Мысалы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдарының бірінде ВАЗ 2106 автокөлігі полиция қызметкерлерінің көзіне түсті. Жүргізушінің айтуынша өзінің мас болғаны соншалық, полиция қызметкерлерінің дауыс зорайтқыш арқылы айтылған тоқтау туралы талабын естімеген. Тәртіп сақшылары оны аулаға кірген сәтте ұстады. Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.

– Іс-шара барысында облыс жолдарында 2473 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асырудың – 146, маневр жасау ережелерін бұзудың – 50, жаяу жүргіншілерге өткелдерде жол бермеудің – 40 дерегі бар. 26 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтті. Бұдан бөлек, 280 жүргізуші көлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбады, 201-і көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен. 389 жүргізуші жолдың рұқсат етілмеген жерлерінен және бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін жауапкершілікке тартылды, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу