jasqazaq.kz

Құмарxанада ақшасын ұтқызып, полицияға жүгінді

05 қантар 2017, 22:24

Қапшағайдың құмар ойыншылары астыртын ойынханаларды әшкере етуге кірісті. Олар қонақ үй мен аялдамаларда орналасқан осындай нысандар жайлы полицейлерге хабарлап жатыр. Бірақ жылдар бойы бизнесін дөңгелетіп келе жатқандардың ісі аяқсыз қалып қояды екен. Осы жолы да арыз жазылғанына қарамастан тәртіп сақшылары астыртын ойын ордасының табалдырығынан аттай алмай, есік алдынан кері қайтты.

ktk.kz хабарлағандай, Қапшағай тұрғыны Жұмахан Тұрмағамбетов құмар ойын десе ішкен асын жерге қойып, тапқан табысын ойын автоматтарына жұмсайтын. Екі жыл бұрын қомақты соманы ұтылған соң жүрегі ұстап, бұл істен алыстауға бел буыпты. Бірақ көше бойындағы аялдама мен қонақ үйде орналасқан шағын казинолардың астыртын жұмысы мазасын алып жүр.

Терезелері тұмшаланып, темір есік салынып, сырты бақылау камерасымен жабдықталған автобус аялдамасында 30-дан астам ойын автоматы бар. Ұтысқа қол жеткізіп көру үшін кемінде 1000 теңге салуың керек. Бірақ ойын онымен тоқтай қоймайды. Келесі нысанда кәдімгі казинолардағы рулетка да бар. Қызыл және қара түске бәс тігіп жатқандардың қарасы да аз емес. Себебі заңды ойынханаларға кіру үшін қалтаңда кемінде 35 мың теңге болуы керек. Ал бұл жерде ондай шектеу жоқ.

Жұмахан Тұрғамбеков:

– 7-8 жыл бұрын ашылып, сол кезден бері жұмыс істеп келеді. Екі жыл бұрын осында келіп, ойнап жүрдім. Ұтылып, инсульт алған соң қойдым. Бірақ қазір жастар осы жерден шықпайды. Онысы дұрыс емес. Бұл істі тоқтату керек.

Ойыннан аузы күйген азамат полицейлерге ауызша арызданып та көрген екен. Бірақ онысынан нәтиже шықпаған. Бүгін үйреншікті жерлерді бір аралап шығып, тәртіп сақшыларын шақырды. Учаскелік инспектордан бастап, криминалистер, тіпті шұғыл топтының басшылары жеткенімен, полицейлер топырлаған күйі табалдырықтан ары қарай аттай алмады.

-Аш !

-Ашпайды!

Ұзақ уақыт есік алдын күзеткен полицейлер келушілер мен қызметкерлері бар астыртын ойынханадан адамдарды сыртқа шығармастан есікке мөр басып кетіп қаолды. Енді олар жиналған материалдарды мемлекеттік кіріс департаментіне жолдамақ. Осыдан кейін ғана рұқсат етілмеген жерде астыртын ойынхана ашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті