Марат Қожаев: Тінту кезінде Дүйсенованың қасында адвокаты болды

15 тамыз 2023, 14:47

Фото: Zakon.kz

11 тамызда журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылды. Бұл бап бойынша адамның жеке өмірі туралы ақпаратты таратқандар жазаға тартылады.
С.Дүйсенова кейін өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін жеткізді. Осыған орай ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев түсінік берді. «Бұл — тергеу әрекеті, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдар мен видеотүсірілім жүргізу Қылмыстық іс жүргізу кодексінде регламенттелген. Бұл ертең азамат бір затын алып қойды деп айтпауына сенімді болу үшін жасалады. Басқа мақсат – адам органдардың арнаулы бөлімшелеріне түскен кезде кейіннен өзіне дене жарақатын салғанын айтпауы үшін», — деді ол.
Сондай-ақ ол тінту барысында журналистің қасында адвокаты болғанын, Қылмыстық кодексте регламенттелген процедура барлық адамға бірдей екендігін айтты.
JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады