Марат Қарабаев: Көлік саласы экономиканың қозғаушы күшіне айналды

08 тамыз 2023, 11:47

Елімізде тамыздың алғашқы жексенбісінде отандық көлік саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, ерен еңбегімен дараланған сала мамандарына құрмет көрсетілді

ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, кәсіби мереке қарсаңында отандық көлік саласының өкілдерін ведомство басшысы құттықтап, қалтқысыз қызмет еткен жандарға мемлекеттік наградаларды, сондай-ақ министрліктің атынан құрмет грамоталар мен алғыс хаттарды табыстады.

Министр айтқандай, жол — экономиканың күретамыры. Ал оның бойына қан таратып, саланың дамыл таппай дамуына көлік секторының мамандары атсалысаады. Сондықтан да стратегиялық тұрғыда маңызды бағыттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған азаматтардың еңбегі қашан да құрметке лайық.

«Биыл Көлік бақылау инспекциясының құрылғанына 30 жыл толды. Егемендік кезеңінен бастап, еліміздің көлік саласында қыруар жұмыс атқарылды. Айталық, Қазақстан өңірлік логистикалық хаб пен транзиттік әлеуеті дамыған елге айналды.


Қазір аталған салада 400 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, көлік секторы экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр. Бүгін көлік бақылау саласы жаңа 18 жылжымалы бақылау бекетімен толықтырылды. Бұл өз кезегінде автожолдарды қалыпты деңгейде сақтап, белгіленген талаптардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Салтанатты жиында ИИДМ басшысы бірқатар азаматты арнайы наградамен марапаттады. Атап айтқанда, «Еңбек ардагері» медалі Жұмабай Сәбиев пен Бауыржан Әшімовке табысталды. Сонымен қатар «Құрметті теміржолшы» белгісі Арнұр Дінахмет және Данияр Нурекешовке берілді. «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен Хазмахамет Тумгуев пен Жұмабек Исатаев наградталды. Ал «Үздік автокөлікші» төсбелгісіне Боранбай Төлегенов және Нұрлан Сарсенбеков ие болды. Сондай-ақ екі қызметкер министрдің құрмет грамотасы мен үш адам алғыс хатпен марапатталды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады