Марафон жеңімпаздары марапатталды

09 қазан 2023, 17:42

Биыл Астана қаласында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, шабуылдаушы-ұшқыш Талғат Бигелдиновтің 101 жылдығына орай «101 жыл – 10.1. шақырым» атты марафон өткені туралы бұрын хабарлаған едік. Іс-шараны «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған болатын.
«Ештен кеш жақсы» демекші, сол жарыстың кейбір жеңімпаздары мен марафонды ұйымдастыруға белсене атсалысқан волонтерлердің басын бір мезгілде, бір жерге қосу мүмкіндігі бүгін ғана туып отыр.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы бақылау кеңесінің мүшесі, генерал-майор Марат Нағұманов: «Бұл бір жағынан спорттық шара болса, екінші жағынан зор тәрбиелік мәні бар марафон. Бұл даңқты қазақ батырына ғана емес, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен әрбір боздаққа көрсетілген құрмет. Сонымен қатар өскелең ұрпақ өзінің тарихы мен батыр бабаларын білуге тиіс»,- деді.
Содан соң «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев 18 жастан 50 жасқа дейінгі жарысқа қатысушылардың арасындағы жеңіске жеткен Сұлтан Базарбаев, Дамир Әбдрахманов пен Әлімжан Балтабекке бағалы сыйлықтарды табыс етіп, алдағы болатын аламанда да сәттілік тіледі.
Бұдан бөлек еріктілер қатарында жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосқан бір топ астаналық студент жастарға алғыс хаттары табыс етілді.


«Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымының басшысы М. Молдағалиев аталмыш марафонды жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыру жоспарда бар екенін айтты.

Ә.Смайылов

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді