jasqazaq.kz

Маңызды мәселе көтерді (Видео)

06 қазан 2025, 12:36

Jas Qazaq газеті мен Chevron компаниясы бірлесіп ұйымдастырған «Бәріне ортақ журналистика» курсы қоғам үшін де пайдалы жобаға айналды. Биылғы қатысушылар тек қана журналистиканың әліппесін үйреніп қана қоймай өздерін мазалаған маңызды мәселелерді БАҚ беттерінде көтере бастады.

Қазір ел арасында электросамокаттардың қауіптілігі көп айтылып жүр. Тіпті қос дөңгелекті құралдың жаяу жүргіншілер үшін қатер төндіретіні Мәжіліс мінберінде айтылып, арнайы заң да қабылданды. Он екі мүшесі сау адамды арандатып жатқан самокаттар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тіпті де қауіпті. Мәселен, зағип жандар арасында самокатқа сүрініп құлау оқиғалары жиілеген. Себебі қос дөңгелекті құралдарды пайдаланушылар оны көрінген жерге тастап кетеді екен. Көру қабілетінен айырылған азаматтардың таяғы темірге ілініп, талайы омақаса құлаған.

— Самокатқа шалынып төрт рет құладым. Жарайды, жолдың шетіне тастап кетсе мейлі ғой! Дәл тротуардың, үстіне тастайды. Бірнеше рет таяғым ілініп қалып, таяғым сынған, майысқан кездер де болды. Осымен, міне, үшінші таяғымды ауыстырып отырмын. Бұл таяқ – біздің көзіміз, — дейді Жазира Мүлкібекова.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қауіпсіздік үшін электросамокаттарға арнайы жол салуды әрі оны тек белгіленген тұрақтарға қоюды міндеттеуді сұрайды.Тіпті осы талаптарын айтып тілшілерге шағымданған. «КТК» арнасының жаңалықтар қызметі зағип жандардың жанайқайына құлақ түріп, арнайы бейнематериал да дайындапты. «Бәріне ортақ журналистика» жобасында білім алған азаматтар осылайша кәсіби журналистермен бірлесіп жұмыс істеуді де қолға ала бастады. Бұл олардың қоғамдық өмірге белсене араласып, кез-келген мәселеге үн қатуына жол ашады.

Динара Бүркітбаева,

курсқа қатысушы

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат