jasqazaq.kz

Маңғыстаулық дәрігерлер Түркияда тағылымдамадан өтті

28 тамыз 2025, 20:46

Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстанның Ыстамбулдағы бас консулдығының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында маңғыстаулық дәрігерлер Түркияның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтті.

Аталған бағдарлама шеңберінде Маңғыстау облысының хирург-онколог, отоларинголог дәрігерлерінен құралған делегация Стамбул қаласындағы «Hisar Hospital» медицина орталығында және «Medicana Health Group» клиникасында кәсіби білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасты.

Дәрігерлер құрамында Маңғыстау облыстық онкология орталығының сәулелік-терапия бөлімінің дәрігері, онколог Гүлзира Құдабаева, хирург-онколог дәрігер Нұрпейіс Жақсыбай, Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының онколог дәрігері Нұрболат Ізбергенов, Түпқараған орталық аудандық ауруханасының онколог дәрігері Аягөз Молдабекова, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының хирург-дәрігері Сағат Бітімов, отоларинголог-дәрігер Дулат Майемер, уролог-дәрігер Қайрат Нұралиев және №2 Ақтау қалалық емханасының хирург-дәрігері Айзада Қосбосинова бар.

Тағылымдама аясында мамандар заманауи технологияларды қолдану, күрделі оталарды жүргізу және халықаралық стандарттарға сай медициналық көмек көрсету әдістерін меңгеруге бағытталған.

-Маңғыстаудан барған дәрігерлер Стамбулдың «Hisar Hospital» медицина орталығы мен «Medicana Health Group» клиникасында кәсіби білімдерін жетілдірді. Ішкі қызметі, бөлімшелердің жұмысымен таныстық. Әр маман өзіне тиесілі оталарға қатысып, тәжірибелерін шыңдады. Түрік дәрігерлермен бірлесіп, бір күн қабылдау бөлімінде болып, науқастарға тексеру жұмысын жүргіздік. Осындай мүмкіндік ұсынған басшыларға алғыс білдіреміз, — деді №2 Ақтау қалалық емханасының терапиялық және хирургиялық бейіндегі мамандандырылған көмек бөлімінің меңгерушісі Айзада Қосбосинова.

Айта кетейік, медициналық тур аясындағы бұл сапар өңір дәрігерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, шетелдік тәжірибені күнделікті жұмысқа тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 20-28 тамыз аралығында өткен курс өз мәресіне жетіп, қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Мұндай тағылымдамалар облыс медицинасын дамытуда маңызды рөл атқарып, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр