jasqazaq.kz

Маңғыстауда 1 734 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

20 шiлде 2025, 19:17

Маңғыстау облысында биыл үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек 1 734 отбасыға, яғни 9 413 адамға тағайындалды. Бұл туралы өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында айтылды.
Облыс халқының әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың шешімімен 1910 адамға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
2025 жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметке сәйкес, мереке және атаулы күндерге орай өңірде әлеуметтік осал топтағы 84 мың тұрғынға бір реттік материалдық көмек төленді, оның ішінде 32 570 мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балаларға мереке күндері әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалады. 2025 жылдың үшінші тоқсанындағы деректер бойынша бұл көмек 554 балаға төленді.
-Бұдан басқа, биыл мәслихат шешімімен 22 наурыз — Наурыз мейрамында «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған, бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді. Сондай ақ, биыл Жеңістің 80 жылдығына орай өңіріміздегі екі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір реттік әлеуметтік көмек төленді, — деді Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді