jasqazaq.kz

Маңғыстау жастары пилоттық жоба аясында Шымкентте білім алуда

28 желтоқсан 2025, 17:03

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім алып жатқан маңғыстаулық студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесті.

Кездесу барысында студенттердің оқу үдерісі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы таныстырылып, ата-аналар мен жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен университеттің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қатысты.

Аталған кездесу Президент Әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан пилоттық жоба аясында өтті. Жобаның негізгі мақсаты – Маңғыстау облысынан шыққан талапкерлерді сапалы біліммен қамтамасыз етіп, өңірге білікті мамандар даярлау.

Биыл тамыз айында университет Маңғыстау өңірінен келген талапкерлерді қабылдап, қазіргі таңда жоба аясында 16 студент алғашқы семестрді сәтті аяқтады. Олардың қатарында Шымкент қаласына алғаш рет келген жастар да бар. Университет тарапынан студенттерге жайлы жатақхана, тәжірибелі профессорлық-оқытушылық құрам және әлеуметтік бейімделуге толық жағдай жасалған.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев өз сөзінде:
«Бұл студенттер алдағы уақытта Маңғыстау облысына оралып, өңірдің дамуына үлес қосатын білікті мамандар болады деп сенеміз. Университет қабырғасында білім алумен қатар шет тілдерін меңгеру, спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатысу мүмкіндігі қарастырылған», – деп атап өтті.

Пилоттық жоба аясында студенттер тегін білім алып, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ағылшын және түрік тілдері курстарына, спорттық және өнер бағытындағы үйірмелерге қатысуда. Оқу аяқталған соң түлектер дипломмен қатар қосымша сертификаттарға ие болады.

Кездесу соңында ата-аналар мен студенттер мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға және университет ұсынған мүмкіндіктерге алғыс білдірді.

JQ-Aqparat 

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады