jasqazaq.kz

Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті: 4 адам қаза тапты

16 қантар, 10:06

Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті: 4 жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды jasqazaq.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автобус жол жиегіндегі кюветке аударылған. Көлік салонында жолаушылар болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға және жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырады.
Жол қозғалысы ережелерін кез келген, тіпті болмашы түрде бұзу орны толмас салдарға әкелуі мүмкін.

Сурет: Көлік министрлігі
Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге