Мақпал Исабекова: Адамдармен араласуым сиреп кетті

08 тамыз 2023, 14:58

Отандық әнші Мақпал Исабекова әріптестері жиналған жиында бой көрсетпеуінің себебін түсіндірді. Өнер иесі инстаграм желісінде оқырмандарының сауалына жауап берді.
Оқырманның: “Сізді неге Әсел Сәдуақасованың тойына шақырмады? Дәл сол күні сіздің көңіл күйіңіз болған жоқ” деген сауалына өнер иесі: “Сіздің бұл сұрағыңызға жауап бере алмаймын. Қатты білгіңіз келіп бара жатса, бұл сұрақты маған емес, өзіне қойыңыз”, – деп жауап берді.

Тұрмысқа шыққалы Мақпал Исабекова өнердегі әріптестерімен жиі бас қосуды қойды. Желі қолданушылары мұның себебін білгісі келіп, түрлі сауал жолдаған. Ал әнші оларға бір ауыздан жауап беруді жөн көрді.

“Сіз неге анаумен сөйлеспейсіз? Мынаумен неге достық қарым-қатынаста емессіз? Олармен араласпайсыз ба? Ұрысып қалдыңыздар ма?” деген сынды сұрақтар өте көп. Құрметтілерім, менің біреумен дос болсам, оны әлеуметтік желіге салып, дәлелдемеймін. Иә, мен сыртқа жиі шықпаймын, адамдармен араласуым сиреп кетті. Бұған дейін де желіде белсенді емес едім. Менің кішкентай балам бар және мен оған керекпін. Өтініш, бәрін бір қалыпқа салуға тырыспаңыздаршы. Шынайы достықта ол адамның әрдайым сенің жаныңда екенін білесің. Ол тіпті алыста болса да біз хабар алысамыз. Ол адаммен кез келген уақытта тілдесе аламын. Менде жағдай осындай”, – деп жазды Мақпал Исабекова.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады