Мәдина Сәдуақасова: Майда-шүйдеге бас ауыртпаймыз

05 қыркүйек 2023, 14:08

Әнші Мәдина Сәдуақасова жалғыз ұлы Әнуарды оқу жылына қалай дайындағаны туралы НТК арнасына берген сұхбатында айтты.
Өнер иесі ұлын оқу жылына еш қарбалассыз дайындаған. Себебі құны 4 миллион теңге тұратын мектеп оқушыларды оқуға қежетті жабыдықтармен және мектеп формасымен қамтамасыз етеді.

“Бүгін алғашқы оқу күні. Біз жақсы дайындалдық. Бұл мектепте барлығы бар. Біз ештеңе сатып алмаймыз. Бізге “Балаңыздың мектеп формасы дайын, алып кетіңіздер” деп хабарлама келеді. Оқу жылының басталуына екі апта қалғанда алып кетеміз. Сол киімімізді үтіктеп, дайындап, 15 минутта жиналып келдік. Мектепке 450 мың теңге төлейміз. Алғаш түскен кезде 300 мың теңге төлегенбіз, қазір бағасын 450 мыңға көтеріп қойды. Бірақ оның ішіне бәрі кіреді. Тіпті өшіргіш дейтін майда-шүйдеге бас ауыртпаймыз”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Алайда әнші уақыттың тығыздығына байланысты жылының төрт күнін ғана ұлына арнайды.

“Мен жылына төрт күнімді ұлыма арнап, концерт, мерекелік шаралардан бас тартамын. Әунардың туған күні, яғни 17 маусым, Білім күні, 8 наурыз және Жаңа жылда ұлымның жанында боламын. Бұл күндердің қатарына тіпті күйеуімнің туған күні кірмейді”, – деді өнер иесі.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді