Мәдина Әбілқасымова: Несиенің ең жоғары сомасына шектеу енгізіледі

20 қазан 2023, 13:02


Қазақстанда тұтыну несиесінің ең жоғары сомасына шектеу қойылмақ. Бұл туралы Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржы сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.
«Қазір қомақты сомада тұтыну несиесін қарқынды түрде беру үрдісі байқалып отыр. Біріншіден, тұтыну несиесінің өсуіне халық сұранысының артуы да әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда тауарларға қарызды бөліп төлеуге сұраныс көбейген, сондай-ақ тұтыну несиелерін кәсіпкерлік мақсатта пайдалану да артқан. Осының салдарынан кепілсіз тұтыну несиелері бойынша орташа қарыз жыл басындағы 913 мың теңгеден қазір 1 миллион теңгеге дейін жетті», – деді М. Әбілқасымова.
Оның сөзіне қарағанда, 5 млн теңгеден асатын кепілсіз тұтыну несиелерінің үлесі қазірдің өзінде 12 пайызды құраса, ал қарыз алушылардың саны бойынша 3 пайыз деңгейінде.
«Бұл тұрғыда тұтыну несиесінің шамадан тыс өсуін шектеу аясындағы қосымша шара ретінде агенттік заңнамалық деңгейде осы несиенің сомасына шектеу енгізуді ұсынып отыр», – деді агенттік басшысы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді