jasqazaq.kz

Киевте Ресейге тыңшылық еткен Өзбекстан азаматы ұсталды

20 қыркүйек 2016, 16:00

0e53f2d4-dab0-4574-8bcf-d48d6a998792_cx42_cy0_cw58_w987_r1_s_r1

Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің мәлімдеуінше, Харковь облысында шекарада Өзбекстан азаматы ұсталды. Күдікті ресейлік арнайы қызметке бейнекамераның көмегімен ақпарат жинаған делінеді.

Хабарларға қарағанда, 1991 жылы туған Өзбекстан азаматы Харковь облысындағы «Плетеневка» шекара бақылау пунктінде ұсталып, оның Украинаға келу себебін анықтау үшін қайта тексеруге жіберілді.

Тексеру кезінде ер кісінің көйлегіндегі түйме орнына бейне түсіруге арналған жасырын камера орнатылғаны анықталды. Камера қалтадағы ақпарат жинауға арналған құрылғыға байланған, екінші бір қалтада аудиотаспа жазуға арналған құрылғы табылды, деп хабарлады Мемлекеттік шекара қызметі.

Шетел азаматы Ресей аумағында тіркеу мерзімін бұзғаны үшін ұсталған кезде мұндай құрылғыны ресейлік көші-қон қызметкерлері берді деп ақталған.  Күдікті Украина қауіпсіздік қызметіне жолданды. Өзбекстан азаматының Украинаға келу себебін полиция тексеріп жатыр.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді