Үкімет тұрғын үй және ауруханамен қатар мәйітхананың да керек екенін бүгін еске түсірді. Сөйтсек, көз жұмғандарды уақытша сақтайтын орын бізде санаулы екен. Бұл туралы үкімет отырысында әділет министрі Марат Бекетаев ауызға алды. Оның пікірінше, соңғы жылдары тұрғын үй мен аурухана құрылысына көп қаржы жұмсалды. Ал керісінше мәйітхана салуды құзырлы органдар ұмытып кетіпті. Министр осы мәселеге көңіл бөлуді сұрады. Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл мәселені М. Бекетаевпен бірігіп шешуге уәде берді.